Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда мектептеріндегі 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2015
  • 1771

Елорда мектептеріндегі бастауыш сыныптың оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жайында бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс отырысында мәлім болды. Шаһардың бюджетін қайта қарастырған депутаттар біршама шығындарды қысқартқан. Мәселен, аса кезек күттірмейтін жобалар санатына жатпайтын нысандар құрылысын тоқтатуды ұйғарыпты. Осылайша қала қазынасынан 18 миллиард теңге үнемделген.

Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалмақ. Мектеп, аурухана нысандары бой көтеріп, жол жөндеу жұмыстары қарқын алады, - дейді қалалық мәслихат депутаттары. Сондай-ақ, 1 миллиард теңгенің Елорда мектептеріндегі  1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалатыны белгілі болды.

Сансызбай Есілов, Астана қалалық мәслихатының хатшысы:

Біз 1 миллиард теңгені қаланың барлық мектептеріне үлестіреміз. Яғни әлеуметтік жағдайына қарамастан, 1-4 сынып оқушылары жаппай  тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Берік ХАСЕНОВ