Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару Вуэльтада үздік ондықты түйіндеді

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2015
  • 1298

Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуде австралиялық Кейси Деллакуамен жартылай финалға жолдама алды. Ширек финал бәсекесінде ресейліктерге қарсы кортқа шыққан қос теннисші 3 сетте жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:2, 2:6, 6:3. Бүгін түнде Шведова мен Деллакуа америка және неміс спортшыларымен ақтық сынның жолдамасын сарапқа салады. Спорт жаңалықтары келесі топтамада.

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін «Сарыарқа» жаңа маусымды жеңіспен бастады. Мәскеу маңындағы Дмитров қаласына қонаққа барған қазақстандық ұжым «Звезды ВДВ» командасын 10:0 есебімен тас-талқан етті. Қарағандылықтар сапынан Роман Благой лигадағы алғашқы хет-триктің авторы атанды. Ескере кететін жәйт, «Братина» кубогінің иегеріне қарсы тұрған команда кәсіпқой клубтар сапына биыл ғана қосылған. Қарағандылықтардың бұл нәтижесі клуб тарихындағы ең ірі жеңістің бірі болып отыр. Келесі кездесуін «Сарыарқа» ертең сырт айдында Балашиханың «Динамосымен» өткізеді.



Веложарыстан Вуэльта көпкүндігінің 17-ші кезеңі артта қалды. Спортшылар 38 шақырымдық  жекелей сында бақ сынаған. Кезеңнің жеңімпазы болып Том Де Молино атанды, ал «Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару мәреге Нидерланды спортшысынан 1 минут 53 секунд кеш келіп, нәтижесінде үздік ондықты түйіндеді. Жеңімпаздың «қызыл жейдесіне талас» өзгере қойған жоқ. 25 жасар италияндық спортшы әзірге Де Молинодан 3 секундқа қалып келеді. Биыл 70-ші рет өткізіліп отырған Вуэльта бәсекесінің аяқталуына әлі 4 кезең бар екенін ескерсек, «Астана» капитанына әлі жалпы есепте топ жаруға мүмкіндік жетерлік.