Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі үй қамаққа алынды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 1095

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов қалалық нөмірі 2-ші соттың қаулысымен қамаудан босатылып, 2 ай мерзімге үй қамаққа алынды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін экс-шенеунік өз еркімен жұмыстан кетіп, ертеңіне «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталғанын жаңалықтарымызда хабарлаған болатынбыз. «Ахметбек Ахметжанов құрылыс бөлімінің басшысымен бірлесіп, жеке құрылыс фирмаларына мемлекетпен тиімді келісім жасасуға көмектескен, деген күдік бар. Баспасөз қызметінің ақпартына сүйенсек, Ахметбек Ахметжанов өз кінәсін мойындаған.

Сот барасында Ахметбек Ахметжановқа қатысты Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Арман Әбеновтың қолы қойылған оң пікірдегі мінездемесі таныстырылған. Оның кінәсін мойындағанын, оң пікірде жазылған мінездемені, кәмелет жасына толмаған екі баласы барын ескере отырып, прокурор оған бас бостандығынан айырудан басқа түрдегі жаза қарастыруды сұраған. №2 қалалық сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова экс-шенеунікті 2 ай мерзімінде үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау туралы қаулы шығарғаннан кейін, ол қамаудан босатқан.

Т.ОСПАНБАЕВА