Билікте
ауыс-түйіс. Бүгін кейбір шенділер қызметімен қош айтысып, бірқатар шенеуніктер
орындарын ауыстырды. Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа ел
Президенті қол қойған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Дариға
Назарбаева 2012 жылы Мәжілістегі
Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарған. 2014 жылғы сәуірден бері, Мәжіліс
төрағасының орынбасары және Парламенттегі "Нұр Отан" фракциясы
жетекшісі қызметін атқарды.
Президенттің тағы бір жарлығымен осыған дейін вице-премьер қызметін
атқарған Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалды. Жаңа
әкімді облыстық мәслихаттың кезектен тыс
сессиясында Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің жетекшісі
Нұрлан Нығматулин аймақ активіне таныстырды.
Бердібек Сапарбаев бірнеше жыл бойы
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын басқарды.
Вице-министр лауазымына өткен жылы қарашада тағайындалған болатын.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ