Русский Сайттың толық нұсқасы

Асқар Мырзахметов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2016
  • 1609

Асқар Мырзахметов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиында Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді. Мырзахметов жаңа лауазымын Ауыл шаруашылығы министрі қызметімен қоса атқарады. Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары ретінде ауыл шаруашылығы мәселелеріне Бақытжан Сағынтаев жауапты болатын. Енді ол осы саладағы өз міндеттерін Асқар Мырзахметовке тапсырады.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Менің ойымша, Мемлекет басшысы сізге тапсырған Жер реформасы бойынша комиссияның жұмыстарын Мырзахметовке өткізуіңіз керек. Келесі отырысты екеуіңіз бірге жүргізіңіздер. Одан әрі Мырзахметов жалғастырады. Бақытжан Әбдірұлы, сіздің мойныңызға Мемлекет басшысы жүктеген басқа да тапсырмалар жеткілікті.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ