Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңге бағамы рекордтық көрсеткішке түсті

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 1149

Бүгін теңге бағамы рекордтық көрсеткішке түсті. KASE қор биржасының күндізгі сессиясында бір доллар 268 теңгеге дейін жетті. Ал кешке 4 теңгеге арзандап, 264 теңгені құрады. Осылайша көк қағаз бір күн ішінде 8,82 теңгеге қымбаттап отыр.

Қазір Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 261-265 теңге маңайында сатылуда. Ал, Елордада бір доллар шамамен 262-266 теңге айналасында.

Еске салайық, Үкімет ұлттық валютаны 20 тамыздан бастап еркін айналымға жіберген болатын.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА