Русский Сайттың толық нұсқасы

Республиканың алты өңірінде күн суытады

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 804

Алдағы күндері республиканың алты өңірінде күн суытады. «Қазгидромет» орталығының таратқан ескерту хабарламасына сай, бүгін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, ал ертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 0 градусқа дейін түседі.

Кей жерлерде термометр көрсеткіштері минус 3 градус суық болады деген болжам бар. Сондай-ақ, бүгін аталған өңірлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні, секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтіледі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА