Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға ресми
сапармен барды. Сапар аясында Президенттің Тәжікстан лидері Эмомали Рахмонмен
кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан басшысы Душанбеде өтетін ұжымдық
қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Тәжік Сыртқы істер министрлігінің
хабарлауынша, тараптар өзара ынтымақтастықты көздейтін алты құжатқа қол
қоймақ. Ең маңыздысы - Стратегиялық
әріптестік жөніндегі келісім. Қалған 5 құжат білім беру, спорт, ақпаратты
техникалық қорғау мәселелеріне қатысты. Егер құжаттар мақұлданса, тәжік
студенттері Қазақстан жоғарғы оқу орындарына
дайындық курстарынан өтпей -ақ қабылданады.
Айта өтейік, 2014 жылдың
қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 85 миллион долларды құрады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА