Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Тәжікстанға ресми сапармен келді

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 972

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға ресми сапармен барды. Президент Тәжікстан лидері Эмомали Рахмонмен кездесіп, екі жақты кездесу кезінде бизнес өкілдерін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде  «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы 7 мың шақырымдық көлік жолы мен темір жол салуды көздейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан тәжік серіктестеріне, тауарларын Еуропа мен басқа да елдерге экспорттау үшін, өзінің көліктік инфрақұрылымын пайдалануға беруге дайын екендігін айтты.

Сапар барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Атап айтсақ, түрлі саладағы 80 келісімге және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт қабылданды. Қазақстанның Тәжікстанмен арадағы сыртқы сауда көлемі Ресейден кейінгі екінші орында.  

Берік ХАСЕНОВ