Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңгенің құлдырауы жалғасуда

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1223

Теңге күн сайын құлдырап жатыр. КАSЕ қор биржасының кешкі сессиясында бір доллардың бағасы 284,60 теңгені құрады. Осылайша көк қағаз құны кешегі бағаммен салыстырғанда 2 теңгеге қымбаттады. Ал өткен жұмадан бері шамамен 33 теңгеге өскен.

Қазір Астанадағы айырбас пункттерінде теңге тапшылығы әлі де сезілуде. Ондағылар тек доллар ғана сатып жатыр. Онда да доллар құны тұрақсыз. Кейбір валюта айырбастау пункттері түске дейін америкалық валютаның бағасын 297-299 аралығында белгілесе, түс ауа 293 теңгеге дейін төмендетті. Ал Алматыда көк қағаз 286 теңгеден сатылуда. КАSЕ қор биржасындағы сауда-саттықтың төмендігін байқаған бірқатар банктер бір долларды 300-301 теңгеге сатты. Бірақ кеш ауа 286 теңгеге дейін төмендетті. 

Жұрағат БАМАН