Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1254

Футболдан Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Босния және Герцеговинаны 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Жауапты кездесуін Какау шәкірттері 22 қыркүйек күні Алматыда өткізеді. Өзге де спорт жаңалықтары келесі топтамада.

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін «Астана» ең беделді турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді. «Бәйтерек» монументі алдына жиналған футбол сүйер қауым ауа райының қолайсыздығына қарамастан, даладағы үлкен экран алдынан командаға қызу қолдау көрсетті. Кәрі құрлықтың басты турниріне жолдама алған Станимир Стойлов шәкірттері кездесуде барын салды. Төреші ысқырығы естілісімен, біздің қақпаға лап қойған алаң иелерінің жылдам есеп ашу жоспары іске аспады. Соңғы шепте команда қақпашысы Ненад Эрич сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ал екінші кезеңде жиі-жиі қателікке бой алдырған қорғаушыларымыз Николас Гайтан мен Костас Митроглудан көз жазып қалды. Нәтижесінде Астана 2:0 есебімен жеңілді. Дегенмен отандастарымыз Еуропаның азулы командалары бақ сынайтын турнирдегі алғашқы қадамын жасады. Келесі кездесуін елордалық ұжым 30 қыркүйек күні өз алаңында «Галатасараймен» өткізеді.

Әрине, қуаныштымыз, бірақ бүгінгі ойында біраз көңілде толқу бар. Жеңіліс тапқанымен де, бүкіл Қазақстан болып, бүкіл Астана болып, бүкіл еліміз-жеріміз болып, қазақ болып, намысқа тырысып, өзіміздің командаға соңына дейін жанкүйер боламыз.  



«С» квартетінің фавориті саналатын Испанияның «Атлетико» командасы Стамбулда жергілікті «Галатасараймен» кездесті. Алдыңғы жылы осы турнирдің ақтық сынына жеткен Диего Симеоне шәкірттері топтағы бірінші орынға үміткер статусын дәлелдеуге тырысты. Төреші ысқырығы естілісімен, алаң иелері қақпасына шабуылдарын үдеткен испаниялық команда алғашқы жарты сағатта екі гол соғып үлгерді. Көзге түскен - франциялық ойыншы Антуан Гризманн. Қалған уақытта қос ұжым да қақпаларынан саңылау таба алмады. Сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен мадридтік команда «Бенфикамен» бір қатарда квартет көшін бастады. Келесі кездесуін «Атлетико» өз алаңында «Бенфикамен» өткізеді.