Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда бүлікшілердің шабуылынан үш әскери қаза тауып, тағы біреуі жараланды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2015
  • 1522

Түркияда содырлар шабуылынан үш әскери қаза тауып, тағы біреуі жараланды. Күрдістан Жұмысшылар партиясының жауынгерлері өткен түнде Түркияның оңтүстік-шығысында полицияның брондалған көлігін жарып жіберді.

Шабуыл Сириямен шекаралас Мардин қаласындағы Нусайбин ауданында болды. Содырлар жол бойындағы жарылғыш затты полиция көлігі жақындағанда қашықтықтан іске қосқан. Жарылыстан жақын орналасқан үйлердің әйнектері қирады. Ал лаңкестер жасырынып үлгерген. Күштік құрылымдар шабуылшыларды іздеу және жою іс-қимылдарын жүргізіп жатыр.

Әскерилердің өлімімен аяқталатын мұндай шабуылдар Түркияда соңғы кезде жиілеген. Соған қарағанда, түріктер мен күрдтердің қарым-қатынасы әбден шиеленіскен сынды, - дейді сарапшылар.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ