АҚШ-тың
Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға шақырту алды. Бұл туралы Сыртқы
істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан белгілі болды.
Ерлан Ыдырысов, Джон Керридің Алматы апорты туралы жазған жазбасымен
бөлісіп, оны Қазақстанда күтетінін мәлімдеді.
Айта
кетейік, жақында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Алматы апортын ерекше
мақтаған болатын. АҚШ-ғы қолөнершілердің экономикалық форумында сөз сөйлеген
Мемлекеттік хатшы Алматыдан кәдесый ретінде жіберілген киізден жасалған апортты
көрсетті. Осыншалықты үлкен апорттардың Алматыда өсірілетінін тамсана айтып,
қазақстандықтармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырған болатын.
Берік
ХАСЕНОВ