Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Қорғаныс министрі: Батыстың Ресейге қатысты шектеулері нәтиже бермейді

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2015
  • 1337

Өзенге бөгет қойсаң, шығатын саңылау табады. «Ақылмандар кеңесінде» Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Батыстың Ресейге салған санкциялары нәтижесіз, деп мәлімдеді. «Себебі шектеуге Мәскеу Шығыс Азия елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтіп, саяси байланыстарды нығайту арқылы жауап бере алады», - деді. Бұл туралы «Капитал кз» порталы «Риа новостиға» сілтеме жасап хабарлады.

Онда: «Қазір Ресей өз экономикасын әртараптандыру арқылы, мұнай-газ саласы бойынша Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайтқан. Ал бұл өте ірі нарық. Сондықтан Еуроодақ пен АҚШ енгізіп отырған санкциялар ресейліктерді тығырыққа тірей алмайды. Ресейдің мәңгілік серіктесі, не қарсыласы жоқ. Қытай халық республикасында да дәл осындай жағдай», - делінген.

Жұрағат БАМАН