Ақтауда төрт әскери қаза болды. «Орталық-2015» оқу-жаттығуы кезінде
Каспий теңізіне алты БТР-80 көлігі мен 52 әскери шыққан. 150 метр қашықтықты
жүзіп өткен олар теңіз дауылына қалады. Қатты желден биікке көтерілген толқын 4
БТР-ді суға батырып жіберген. Қалған екі техника аман-есен жағаға шықты. Апат
салдарынан жедел қызметтегі төрт әскери суға батып кетті.
Қорғаныс министрі
Иманғали Тасмағамбетов бас инспекцияға арнайы топ жасақтап, оқиға орнына
дереу ұшып, мән-жайды анықтауды тапсырды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ