Елбасы
Руанда президентімен
екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың
баспасөз қызметі хабар таратты. Руанда Республикасының президенті
Поль Кагаме Қазақстанға жұмыс сапарымен келген. Кездесу барысында екіжақты
сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары мен халықаралық мәселелер сөз
болды.
Қазақстан президенті
екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою
маңызды екенін айтты. «Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді
ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз», - деді Нұрсұлтан
Назарбаев. Елбасы Поль Кагаменің, өз елінде
бейбітшілік орнату үшін, елеулі күш-жігер жұмсағанына да
назар аударды. «Руанда
президенті
өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты
ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін» білдірді.
Т.
ОСПАНБАЕВА