Екі
апта бойы әкімсіз қалған Қостанай қаласына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін
облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Базыл Жақыпов енді шаһарды
басқаратын болды.
Еске сала кетейік, қаланың
бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов сот санкциясымен екі ай мерзімге үйқамаққа
алынған еді. Экс-шенеунікке «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып
отыр. Ал оның қос орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ірі көлемде
пара алды деген күдікке ілініп, тұтқындалды. Жаңа әкім өзіне үлкен сенім
артқан өңір басшысына рахметін білдіріп, жүктелген міндеттерді абыроймен
атқаруға күш салатынын айтты.
Заңғар САНАЙ