Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия оппозициясы өкілдерінің кезекті кеңесі Астанада қазанның басында өтеді

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2015
  • 1804

Сирия оппозициясы өкілдерінің кезекті кеңесі Астанада қазанның басында өтеді. Бұл ақпарды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Ресми Астана Сириядағы ахуалға байланысты алаңдаушылық танытып, келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін білдірген. Біршама уақыт бұрын Плюралистік қоғам оппозициялық қозғалысының жетекшісі Рандо Кассис, кезекті келіссөз Астанада қыркүйек айының соңында өтеді, деп мәлімдеген. Оған Сирия мен өзге де елдерден 60-қа жуық саяси қозғалыс өкілдері қатысады деген жоспар бар.

Айта кетейік, алғашқы келіссөздер Елордада мамыр айында өткен. Сирия оппозициясы өкілдері Астана декларациясына қол қойған болатын.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ