Алматы көшелерінде дривт-шоу жасағандар да жазаға тартылады. Бүгін "Форсаж" ұйымдастырған жүргізушілердің аты-жөндері де белгілі болды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тал түсте Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында екі жеңіл автокөлік жүргізушісі жылдамдықты үдетіп, жол ортасында шыркөбелек айналып айналасындағыларға кедергі келтірген. Автобәйге әлеуметтік желіге жарияланып үлгерді. Қазір аталған іске қатысты әкімшілік полиция басқармасының басшылығымен тексеру басталды. Кінәлі адамдар жақын арада ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.
СалтанатӘәзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Жол ережесін өрескел бұзған екі жүргізушінің аты-жөні белгілі болды. Әкімшілік полиция оларды ұстап, бірер сағаттан соң жеткізеді түсінік беру процедурасы үшін. Заңға қайшы әрекет болып есептеледі. Яғни, ҚР Әкімшілік Кодекстің нормаларына сәйкес жауап беретін болады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтін болады.