Русский Сайттың толық нұсқасы

Бастауыш партия ұйымдары баршаға үлгі.

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2015
  • 2125

Тобыл өңіріндегі бастауыш партия ұйымдары республикалық байқауда топ жарып, жеңімпаз атануға  үміттенеді. Қазіргі таңда аймақтағы 400- ден астам ұйым іріктеу кезеңінде бақ сынасып жатыр. Үздіктер  қатарынан көрінгісі келетіндердің бірі  Қостанайдағы «ҰнКомбинат» ұжымының белсенділері.

Қаладағы ірі кәсіпорында 4 жыл бұрын бастауыш партия ұйымы құрылған. Ұйымның белсенді  мүшесі Кәмшат Күдебаева технолог қызметін атқарады. Ол - өзіне жүктелген жұмыспен қатар партия шараларына да айрықша ат салысатындығын айтады.

Кәмшат Күдебаева, бастауыш партия ұйымының мүшесі:

Бізде бастауыш партия ұйымы бар. Мен сол партияның 4 жыл бойы мүшесімін. Партиялық жұмыстарға араласамыз. Ардагерлерге, жетім балаларға көмек көрсетіп отрырмыз. Қазір қарттар күні келе жатыр, соған орай іс шара болады. Жалпы барлығымыз «үздік партия ұйымы» конкурсына дайындалып жатырмыз

Комбинаттағы бастауыш партия ұйымына 30 адам мүшелікке өткен. Партия белсенділері  мен кәсіпорын ұжымы жұмысшыларға шынайы қамқорлық танытып, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.

Анатолий  Фирсов, бастауыш партия ұйымының мүшесі:

Біз тізім бойынша барлығына хабарласып тұрамыз. Кейбіреуі комбинатқа келіп сыйлықтарын алып кетіп жатады. Ал, денсаулығы нашар қарттарға өзіміз апарып береміз.

Қостанай облысында 61 мыңнан астам мүшесі бар, 444 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Осы ұйымдар қоғам мен партия, халық пен билік арасындағы  алтын көпір- дейді «Нұр Отан» партиясының өңірдегі өкілдері.

Абылайхан Кәкенов, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының бөлім жетекшісі:

Әлеуметтік тұрғыдан алатын болсақ бастауыш партия ұйымдары біріншіден мемлекет  пен қарапайым адамдар  арасындағы байланысты  орнататын ұйым болып табылады. Сондықтан біздің бастауыш партия ұйымдары  әрбір мүшенің мәселесін тыңдап, қарастырып, оның шешу жолдарын табу мүмкіндіктерін қарастырады.

Биыл «Нұр Отан» еліміздегі бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды басты мақсат етіп отыр. Осыған орай  «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы жарияланды.  Бұл жарыста  Тобыл өңірінің белсенді ұйымдары да, топ жаратындарына сенімді.

 

 Заңғар САНАЙ