Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы шығындарды 130 млрд теңгеге қысқартты

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2015
  • 1877

Қазақстандық мұнай өндіру зауыттары жекенің қолына өтуі мүмкін. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Биыл компания шығындарды 130 млрд теңгеге қысқартпақ. Бірақ мұндай тенденция жалғаса бермейді. Қалай болғанда да ұлттық компаниядағылар «жыртық астаудың» жанында қалмайды, деді басқарма басшысы. Дәстүрлі «Kazenergy» еуразиялық форумда Қазақстан ғана емес, әлемдік мұнай компаниялары да шығындарын 100 миллиард долларға қысқартқаны белгілі болды. Нарықтың ырқына көнген мұнайдың жайын Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Әлемдегі ірі мұнай компаниялары өз шығындарын 100 млрд долларға қысқартып жатыр. Бұл биыл өндірістің 20 пайызға төмендеуіне әкеледі. Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот осындай дерекпен бөлісті. Қазақстандық «Қазмұнайгаз» да биыл шығындарды 130 миллиард теңгеге қысқартпақ. Байқағанымыздай, кешеден бері бас мұнайшыларымыз қазіргі қалыптасқан жағдайды классиктердің қанатты сөздерімен шебер қабыстырып жатыр. 

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Отрасль эта инерционная, если не делать заделы на будущее, то завтра, когда спрос и предложение подравняются, что, безусловно, скажется на цене, - нацкомпания не может оказаться у разбитого корыта, сокращая, сокращая затраты.

Иә, қара алтын құны бір жыл ішінде 50 пайызға құлдырады. Бүгін таңертеңгі сауда саттықта Brent кешегі күнмен салыстырғанда 0,36% арзандап, 47,92 долларға түсті. WTI 0,82%-ға төмендеп, баррелі 44,86 долларға бекіді. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс заңына сай, Қазақстан да мұнай өндіру көлемін 1 млн тоннаға төмендетті. Егер өткен жылы 81 млн тонна мұнай өндірсек, биыл оның деңгейі 79,9 млн тонна шамасында болмақ.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Мы свой вклад уже внесли, чтобы уменьшить давление избыточной нефти на формирование цены.

Едел-жедел өткен брифингтен соң қалған сұрақтарды журналистер шыға берісте қоюға тырысты. Школьник оңай сытылып кеткенмен, әріптесі тұтылды. Қандай сұрақ қойсаң да, мыңқ етпейтін Мыңбаевқа біраз бөгелуге тура келді. 

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Жаңа ғана Тамара Дүйсенова айтты, мұнай 50 доллар тұрса, жыл соңына дейін 50 мың адам жұмыстан қысқарады деп? - Біз мораторий жөнінде айтқан болатынбыз, жаңа жұмыс орны ашылмайды, ол анық. Бірақ қазіргі бар орындар қысқармауға тиісті.

Десе де, ақпарат құралдары «Ақтөбемұнайсервис» компаниясындағы жұмысшылардың тең жартысы мәжбүрлі демалысқа кеткенін жазып жатыр. Аталған компания «СНПС-Ақтөбемұнайгазға» қарайды. Анық-қынығын білуге басшылығына хат жолдадық. Әзірге жауап жоқ. Тағы бір тың ақпар - мұнай өңдеу зауыттары жекешелендіру тізіміне енуі мүмкін.

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

В принципе, сейчас правительство рассматривает некую расширенную программу приватизации, и если в их число попадут заводы, то это возможно.

Еске салсақ, жекшелендірудің екінші толқыны аясында ірілі-ұсақты 1500 компания сатылады. Оның ішінде құны 5 млрд теңгеден асатын 60 құйқалы компания бар. Мысалы, "Мемлекеттік тұрғын үй жинақ банкі" де осы тізімге еніп кеткен. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ