Ал бұл жағдайлардан кейін Сирия
оппозициясымен өтетін келіссөз Астанада бола ма, жоқ па - ол жағы әзірге
белгісіз. Елдің Сыртқы істер министрлігі оның қазан айының басына
жоспарланғанын мәлімдеген еді.
Бүгін Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынында министр
Ерлан Ыдырысов, «Сириядағы гуманитарлық апат әлемдегі ең күрделі дағдарыстардың
бірі болып қала береді», деген алаңдаушылығын білдірді.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер
министрі:
«Біз Сирия билігі мен оппозициясы
арасындағы келіссөздер осы қақтығысты реттеу жөніндегі Женева үдерісі
шеңберінде жалғасын табады деп сенеміз.
Қазақстан Сириядағы ішкі дағдарыс тек бейбіт жолмен ғана шешілуі тиіс деген ұстанымына берік».
Базаргүл ОТЫНШИЕВА