Әлем
халқы үлкен саяси-экономикалық дағдарыс алдында тұр. Мұны түсінген жұрт әлемдік
лидерлердің бітімгерлік пен бейбітшілікке бастайтын тың идеяларын күтіп отыр.
Бұл жағынан келгенде Қазақстан Президенті халықаралық қатынастардағы
реформаларды көздейтін тың ұсыныстар жасай білді. Республикалық «Литер»
басылымына берген сұхбатында Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір
білдірді.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
...Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде қазақ халқы атынан сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан
Назарбаев өзін нақты ұстанымы мен идеясы бар бітімгер ретінде көрсетті. Жаһандық жағдай жаңа сипатқа ие болған тұста, қазіргі әлемдік болмыстағы
мемлекеттің орнын біліп, оның дипломатиялық қарым-қатынастардағы рөлін айқындай
білу маңызды. Қазіргі Сириядағы жағдайға келер болсақ, дамыған ірі мемлекеттер
бар күшін көрсетіп, оқ атуға дейін барып жатыр. Алайда бұл жерде ескерерлігі,
әрбір қанды соғыстан кейін, бейбітшіліктің туы көтеріліп, бітімгерлік келеді. Ал бейбітшілік ол - басты, әрі мәңгі құндылық...