Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2015
  • 1166

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана тағайындалған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуге сонымен қатар «KCA International» компаниясының басшысы Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қатысты.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің бас нысаны - сфера - Қазақстанды танытатын әлемдік бренд болмақ», - деп атап өтті «KCA International» компаниясының басшысы. Ахметжан Есімов құрылыс жұмыстарының барысы мен «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады. 

Хуан Чю, «KCA International» компаниясының басшысы:

Біз Президент мырзаны құрылыс алаңында жүріп жатқан жаңашылдықтармен таныстырдық. Барлық қабаттарды көрсетіп, Астананың 2050 жылғы жоба нұсқасын да ұсындық. Яғни 2050 жылы болашақта Астананың қандай болатынын көрсеттік. Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ