Русский Сайттың толық нұсқасы

Висенте Лоссерталес: «Астана ЭКСПО -2017» көрме-кешенінің құрылысы кестеге сай жүргізілуде

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2015
  • 1304

«ЭКСПО -2017» ұлттық компаниясындағы ауыс-түйістер құрылыс кестесіне өзгеріс енгізген жоқ. Бөлінген қаржы да жеткілікті. Бұл туралы Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мәлімдеді. Айтуынша,  құрылыс алаңындағы тексерістердің нәтижесі көңілден шығады. Бас хатшы, жаңа басшылық құрам келгелі  құрылыс жұмыстары жедел жүрып жатқанын, жеткізді.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы:

«Астана ЭКСПО»-дағы ауыс-түйіс алаңдатқаны рас. Бюро өкілдері құрылыс тоқтап қала ма деп күдіктенді. Десе де, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Миландағы кездесуден кейін күмән сейілді. Ол  көрме құрылысы уақытылы аяқталатынына уәде етті. Кеше көрме алаңын араладым. «ЭКСПО»-ның бұрынғы басшылығы кезінде құрылыс кестеден кешеуілдеп қалған еді. Қазіргі басшылық  бұл олқылықты жойған.

Астанадағы көрмеге нақты қатысатын мемлекеттердің тізімі келер жылдың маусым айында белгілі болмақ. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың айтуынша, бүгіннің өзінде «ЭСКПО-ға» 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген. Алдағы уақытта олардың саны жүзге жетеді деген жоспар бар.  

Жұрағат БАМАН