Байқоңыр қаласында
ірі сауда орталығы отқа оранды. Ресей
төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өрт сөндіру штабының мәліметі бойынша,
өрт жөнінде дабыл түнгі сағат үштер шамасында түскен.
Өртті
сөндіруге 114 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылған. Қызыл жалын таңертеңгі
сағат 8.30.-дар шамасында толық сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен
қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда. Қызыл жалын
2 400 шаршы метр аумақты шарпыған.
Байқоңырдағы «Евразия» сауда орталығы
Ресей Федерациясына қарасты болғанымен, оны Қазақстан азаматы жалға алып
кәсібін жүргізген екен.
Осы сауда орталығына көрші орналасқан «Азиярум» түнгі
клубы да өрттен зардап шекті. Қазір оқиға куәгерлерінен түсінік алынуда.
Шарипа САҚТАПОВА