Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтан сатып алынған қару-жарақ тәртіп сақшыларына беріледі

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2015
  • 1173

Халықтан сатып алынған қарулар тәртіп сақшыларына беріледі. Бұл туралы Сенат отырысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру туралы заң жобасын таныстырған Бас прокурордың бірінші орынбасары мәлімдеді. Меркельдің айтуынша,  бұл үшін қазынадан 2 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде 38 мыңға жуық қару жиналды. Олардың басым бөлігі қолданысқа жарамды.

Бұдан бұрын қолданыста болған заң тәркіленген қаруды жоюды қарастыратын. «Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, заң жобасына өзгеріс енгізілді, травматикалық тапаншалар полицейлерге қызметтік қару ретінде беріледі», - деді Иоган Меркель. Еске салайық, халықтан  қару-жарақ сатып алу шарасы биыл қаңтарда басталған.

Жұрағат БАМАН