Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2015
  • 1114

Қазақ-қытай ынтымақтастығы жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр. Бүгін Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдаған президент осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті Қытайдың халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзінің қуаты мен техникалық жарақтану деңгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдің қорғаныс министрліктері ынтымақтастықты нығайту қажеттігі айтылды.

Чан Ваньцюань Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді. «Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанның  қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыз, халық арасындағы беделіңіз зор», - деді Чан Ваньцюань.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ