Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2015
  • 1169

Отандық өндірушілерді қорғау мен қолдау, олардың тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар әзірлеу қажет. Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент осылай тапсырма берді. Олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктеді.

Кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ болашағы мен әлемдегі геосаяси жағдай талқыланған болатын. Президенттің пікірінше, интеграциялық бірлестіктің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермей отырған әлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктура мен өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы жарқын. 

Берік ХАСЕНОВ