Қызылорда
да білікті кадрлардың бәсекеге қабілеті сөз болды. Аймақтағы «Қазақстан -2050» демократиялық күштерінің
облыстық коалициясының отырысы өтті. Мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық
бірлестіктер мен жетекші саяси партиялар өкілдері кадрлар институтының дамуын
айқындады. Жиналғандар, білікті кадрлар тек мемлекеттік қызметте ғана емес,
барлық салада болуы керек екенін айтты. «Нұр Отан» партиясының өкілі
бүгінде ауыл шаруашылығы саласына кәнігі маман жетіспейтінін мысал етті.
Осыған орай аудан орталықтарында арнайы курстар ашуды ұсынды.
Наурызбай
Байқадамов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Бізде
білікті ауыл шаруашылық мамандары жетіспей жатыр. Сонымен бірге банк
жүйесіндегі қаржыгерлер, заңгерлер. Заңгерлер болғанда, сот, прокуратура
саласында емес. Мынау мекемелердегі заңгерлердің деңгейі қанағаттандырмай тұр.
Өйткені, білесіздер, қаржыны жұмсауда, жұмысты үйымдастыруда барлығы заң арқылы реттеледі. Заңдар өзгерістерге ұшырап жатыр. Заман ағымына ілесіп отыратын заңгерлер дайындау
мәселесі де бар.
Шарипа САҚТАПОВА