Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық сарапшылар «Қазақстан және БҰҰ: Нұрсұлтан Назарбаев «Ғаламдық стратегиялық бастама - 2045» тақырыбында бас қосты

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2015
  • 1108

Елбасының БҰҰ мінберінен ұсынған «Ғаламдық стратегиялық бастама-2045» - әлемдік саяси-экономикалық проблемалармен күрес емес, олардың алдын алу іс-қимыл құжаты. Бұл "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты қолдауымен өткен «Сарап тайм» клубының отырысында айтылды. Отандық сарапшылар мемлекет басшысының мәлімдемелерін талқылады. Олар президенттің халықаралық ұйым мінберінен белгіленген алты тілді таңдамай, әлемдік ахуалды қазақша сөйлетуі - ана тіл мәртебесін халықаралық деңгейге көтерудің батыл қадамы, деді.

Берік Құрманғали, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Бұл да біздің мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Осы халықаралық аренада сөйлеуінің өзі - үлкен бір астарында мән бар. Өйткені қазақтың болашағы қазақ тілінде екендігін тағы бір БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөйлеу арқылы дәлелдеді, деп ойлаймын.

Сарапшылар мемлекет басшысының ұйым штаб пәтерін Батыстан Азияға көшіру ұсынысы әлемдік саясаттанушылардың қызу пікірталасына негіз болғанын айтты. Тимур Козырев, қазіргі геосаясаттың ұрымтал кезеңінде батыл ұсынысты басқа емес, Нұрсұлтан Назарбаевтың жасауы еліміздің әлемдік қауымдастықта көздейтін орнын бағамдады, деген пікірде.

Тимур Козырев, Халықаралық түрік академиясының сарапшысы:

Бұл, әрине, заманның сұранысы болғаннан кейін, әрине, Қазақстан басшысының аузымен айтылғаны, біздің еліміздің абыройын көтеру жағынан өте дұрыс адым болды, деп есептеймін.