Ақтаулық
жасөспірім тұздалған қиярдан уланып, көз жұмды. Сорпаға қосылған ащы қияр дұрыс
сақталмаған. Алдын ала жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі осындай. Бұл
жайында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Сару Ермұханова мәлім
етті.
Оның айтуынша, отбасы осыдан екі күн бұрын кешкі асқа ащы қияры бар қышқыл көже ішкен. Алдымен 15 жастығы қыздың жағдайы нашарлап, кейін әкесі мен
10 жасар бауыры да ауруханаға түскен. Алайда, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін
болмады. Жеткіншек дәрігерлер келмей қайтыс болған. Ал ер адам мен ұл бала
дәрігерлер бақылауында. Ауруханаға түскенде баланың хәлі ауыр болған.
Сару
Ермұханова, Маңғыстау облыстық ауруханасы жұқпалы аурулар
бөлімінің бас дәрігері міндетін атқарушы:
Баланың
жағдайы бүгін де ауыр. Дегенмен бір қалыпты. Тиісті ем-дом қабылдап жатыр.
Қазірде өміріне қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша, диагнозы тамақтан улану.
Ботулизм бе, жоқ па - оны әзірге айта алмаймыз.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ