Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұракелдиев ісі немесе қыздар, абайлаңдар «каратэші жігіт» бостандықта жүр!

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2015
  • 1664

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде буфет кассирін теуіп құлатқан Тұракелдиевке қатысты іс тараптардың татуласуымен аяқталды- деп хабарлады, Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сөйтіп Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша 22 жастағы Қуаныш Тұракелдивке қатысты басталған іс тоқтатылды. Қыркүйекте әлгінің кассир қызды секіріп кеп, тепкенінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұрт айғайға басқан. Оның Премьер-министр кеңсесінде қызмет істейтін әкесі Болат Тұракелдиевтің  жұмыстан шығуға өтініш жазғаны айтылған... Енді жұрт келісімнің құны қанша болғанын болжап, «қыздар, абайлаңдар, каратэші жігіт бостандықта» деп ащы мысқылдайды.

 Ал «Тұракелдивті психикалық ауытқуы бар, ақыл есінің дұрыстығы күмән келтіреді» деп тану керек, себебі есі дұрыс адам олай істемейді. Әлгіндей мінездеме тараптар татуласып, істі тоқтатса да, Тұракелдиевті ең болмағанда машина жүргізбейтіндей, қару қолдана алмайтындай етеді. Себебі ол қоғам үшін қауіпті» - деген белгілі заңгердің ұсынысы «далада» қалды...

Эфирде  «Өзге пікір» айдары:

Ассалаумағалайкүм! Осы аптада парақорлардың бірі айыппұлын төлеп құтылса, енді бірінің қанша төлейтіні айтылды...Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс төрағасы Мұрат Оспанов естеріңізде шығар. Ол пара алып тұтылып, орынтағынан түскен-ді. Бірақ оның жолы болды. Қаңтардан бастап қылмыстық кодекске өзгеріс ене қоймасы бар ма. Енді парамен ұсталғандар, түрмеге отырмай, айыппұл төлеп құтыла алады. Сөйтіп сот Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салды. Қыркүйекте экс шенді қарызының 848 млнға жуығын өтеген еді. Енді міне 253 млн теңгеден астам берешегінен құтылды. Сөйтіп басы бос адам болып шыға келді. 1 жылға жетпейтін уақыттың  ішінде 1 миллиардан астам теңгені қалай тапқаны жұртты қайран қалдырды. «Айыппұл төленді – сот шешімі орындалды» – деп жылы жауып қоя алмайтын тақырып. Парақорларға  айыппұл төлету мүмкіндігін туғызғанда, асағанды ұнататындар «қомақты қаржыны таба алам ба» деп қорықсын деген де мотивация болған шығар. Бірақ олардың таба алатыны, тапқанда да жылдам табатыны  таңғалмайтындарды да «оуп па» дегізіп жатыр...

Пікірлер:  http://www.nur.kz/kk/922144-burynghy-tmra-basshysy-murat-ospanov-11-m.html

Аноним:

Сұрақ! Ол ақшаны қайдан тапты, қарызын, айыппұлын жабуға??? Қарапайым халықта осындай сұрақ туындаса, сот орнындағы адамдар неге сұрақтың астына алмайды. Мына жерде «күлкі пришел» болып тұр.

Аноним:

Не деген ақша мынау! Жеген ақшаның 10 пайызы шығар. Бұлай жібере салуға болмайды.

Мира:

Өй, бетіңнен айналайын жылтыраған, жымқырғаныңның қанша пайызын қайырдың екен. Жақсы болды ғой, жалап емес, асап жей беруге болады енді. Көзбояушылық жасап, белгілі бір мөлшерін қайтарса, бар жазадан құтылып жүре береді.

Студия: «Қолыңнан келсе, қонышынан басып қалдың» қағидасы жол полицейлерінің де қанына әбден сіңген. Бәрінің емес, әрине. Семейде Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Шыңғыс Кәрімов 100 мың теңге пара аламын деп, қолын ысқылап тұрғанда ұсталып, 6 млн айыппұл төлейтін болды. Миллиондарды бір ай шамасында төлеп үлгермесе, экс тәртіп сақшысы бас бостандығынан айырылмақ. Ол қарсы бетке шығып кетіп, ережені өрескел бұзған жүргізушіге қатысты хаттама толтыртпауға уәде берген... Былықтар білім беру жүйесінде де бар екенін білеміз. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру жүйесін бақылайтын басшы, саланы жақсы «бақылаған». Өз кабинетінде 860 мың теңгені қалтасына салып жатқан жерден ұсталды. Сөйтіп экс шенеуніктің мойнына 51 миллион 600 мың теңге айыппұл ілінді. Халық пікірі қызық.

Пікірлер. http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mnogomillionnomu-shtrafu-prigovoren-glava-departamenta-282447/

Өз пікірім:

Біздің Үкімет бюджетке ақша жинаудың амалын жасап жатыр. Ол үшін жемқорлықпен күресті күшейтсе, жетіп жатыр екен. Шенеуніктің қызметі жоғары болған сайын, пара көлемі де арта береді.

Арғы ата:

Айыппұл көлемін арттыру керек шығар. Төлеп жатыр ғой, демек көп ұрлаған. Міне, мемлекеттің қаржысы қайда жатыр.

Жәңгір:

Жақында біздің бюджет мұнайға тәуелді болмайтын сияқты.

Студия: Ақтөбедегі нөмірі 20-шы мектептің экс директорына тіпті «обал» болды. Ольга Бажитова 30 млн теңгелік айыппұлды өзінің зейнетақысынан төлейді. Ол мектеп асханасын жалдаушылардан 500 мың теңге пара алып тұрған жерінде ұсталды. Сол кезде экс директордың зейнетке шығуына бір ай ғана қалған. Ол 500 мың теңгенің асхананы жөндеу жұмыстарына кететінін айтып азар да безер болған. Ұстаз білім беру саласында 37 жыл тер төккен. Енді зейнеткер 30 миллионды қайтіп «құсар» екен?! Бір «қызығы» біздің адамдар үшін 500 мың теңге соншалықты қомақты қаржы емес...

Пікірлер: http://tengrinews.kz/crime/eks-direktor-shkolyi-aktobe-platit-shtraf-30-millionov-282437/

Әділетті:

Заңның кедейлер үшін жазылатынына тағы бір мәрте көз жетті. Біздің шенеуніктер миллиондап ұрласа да, алаңсыз өмір сүріп жатыр. Ал байғұс директорды азғантай 500 мың теңге үшін жазалады. Оның өзін зейнетақысынан алады.

Татьяна:

Реніш туғызатыны, мектеп директорын ғана жазалап жатыр, ал қалғандары ше? Қазақстанда жемқорлар жетіп жатыр. Неге оларды да соттамайды? Неге Көке, Мәкелерге жазадан құтылуға мүмкіндік береді?

Студия: Көке, Мәкелердің де дүркіреп тұрған дәуреніне бір күні нүкте қойылар. Біздікі үміт әрине. Осымен тәмам.