Ғарышқа ұшқан жарты ғасырдан астам уақыт ішінде 38 елдің 545 ғарышкері ғарыш кеңістігінде болып қайтты. Сол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Айдын Айымбетовтің сәтті сапары еліміздің ғарыш жылнамасының жаңа парағын ашты - біздің республикамыз әлем бойынша ғарыш кеңістігін бағындырған азаматтарының саны үшеуден кем емес 9 елдің бірі.
Жердің тартылыс күшін еңсеруге ұмтылыс адамның ең ұлы ерлігінің бірі болды, солай болып қала береді. Ол ең батыл әрі лайықтының ғана қолынан келеді. Осындай батырдың бірі біздің үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов болып отыр. Сондықтан мен оған Халық Қаһарманы және «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын, сондай-ақ Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы ең жоғары марапаттар оның Қазақстан халқының игілігі үшін жасаған ерлігін айғақтайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айдын Айымбетовтің орындаған бағдарламасы: Елдің экологиялық проблемалары бар өңірлерін, ең алдымен Аралды суретке түсірді. Каспий теңізіне мониторинг жасалды. Салмақсыздық жағдайында «кулонды кристалл» алу жөніндегі зерттеулер жүргізілді. Бұл ғылыми тілмен «микрогравитация жағдайында микробөлшектердің физикалық қасиеттерін зерттеу» деп аталады. -Мұның бәрін біздің ғалымдарымыз термоядролық энергетика, плазмалық медицина, нанотехнология және тамақ өнеркәсібінде пайдаланады– деді қазақ ғарышкері.
Айдын Айымбетов, ғарышкер, халық қаһарманы:
Шымкент қаласының 14 жастағы тұрғыны Бейбарыс Есенберлин физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқиды. Ғарышты зерттеуді жаны сүйетін өрен бос уақытында аспан әлемін тануға құмар. Бейбарысты атасы осыдан бес жыл бұрын Шымкенттегі оқушылар сарайына алып келіпті. Содан бері авиа - моделшілер үйірмесінің шәкірті. Үйірме жетекшілері оның еңбекқор екенін айтады. Ізденгіш, білуге құштар Бейбарыс осы уақыт аралығында мынадай шағын ұшақтардың талайын құрастырыпты. Құрастырып қана қоймай болашақта «ғарышға ұшсам» дейді. Басты мақсаты - ғарышкер болу.
Бейбарыс Есенберлин, физика -математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінінің 8-сынып оқушысы:
Ғарышкер болу менің бала кезімнен бергі арманым. Және осы арманға жету үшін мен қазірден бастап өз өзімді дайындап жүрмін. Айдын Айымбетов ағамыз ұшқанда мен өте қатты қуандым. Және де менде де осындай мүмкіндік бар екеніне қатты сенім пайда болды. Мен қайткен күнде де қазақтың атын шығарып, ғарышкер боламын.
Тентектен «бірнәрсе» шығады дейді. Дұрысы, қайтпас
қасардан шығар. Әйтпесе ата-анасын жау көретін, жек көретін, өмірінің мәні
планшетке айналған баладан «бірнәрсе» шыға қоймас... Келесі сенбіде
жүздескенше!