Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыртқы істер министрі Қырымда демалудың қажеті жоқтығын айтты

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2016
  • 1510

Қырымда демалғысы келетін қазақстандықтар екі бауырлас елдің позицияларын ескерулері керек,- деді еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Астанада өткен XIII Еуразиялық медиа форум аясында.

«Бауырлас мемлекеттердің қарама-қайшы позицияларына қарап, азаматтар сезімталдық пен сыпайылық таныта отырып, өздері шешім қабылдаулары керек. Өзіндік шешім қабылдай отырып, жазғы демалысты өткізетін басқа географиялық нүктелер таңдау қажет».

Министр, нақ Қырымда демалатынын шешіп қойған азаматтар өзінің жолы мен бағытын Ресей мен Украинаның позицияларын есепке ала отырып таңдаулары керектігін айтты.

 Украина, Қырымды Ресей оккупациялап алды- деп, Қырымға ресей территориясы арқылы кіруге тыйым салғаны мәлім. Және, ең маңызды деталь – украиндар Қырымға барып, ойын-сауық құрып, демалған шетелдік азаматтардың Шенген келісімі аясындағы мемлекеттерге кіре алмауына күш салмақ. Яғни ондай адамдарға Еуропа елдеріне баруға тыйым салуға. Сонымен, Сыртқы істер министрі жазғы демалысты өткізетін Қырымнан да басқа жер жететінін меңзеп, басқа жерлер таңдалса дұрыс болатынын дипломатиялық тілмен ишаралады.