Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Жастар кадрлық резерві" партиялық жобасының III білім беру модулі басталды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2015
  • 1409

Елордада «Жастар кадрлық резерві» III білім беру модулінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл жобаға қатысу үшін 3 мыңға жуық адам құжаттарын тапсырған. Алайда екі кезеңнің қортындысы бойынша тек 32 үміткер суырыла алға шықты. Енді олар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен "Нұр Отан" партиясы Саяси менеджмент мектебінің аясында білімдерін жетілдіреді. Атап айтқанда, үміткерлер кәсіби тұлға ретінде қалыптасу үшін түрлі семинар, пікірталас пен шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын қорғайды.  Жастарға ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен ең табысты кәсіпкерлер дәріс береді. 

Еске салайық, Жастар кадрлық резерві жобасы "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен және Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 

Ерболат Мұхамеджан, жобаға қатысушы: 

Негізгі өзімнің күтетін үмітім зор. Бірінші апта - ол оқыту. Яғни білім беру аптасы. Қалған екі апта біз негізгі мемлекеттік органдардың немесе ұлттық компанияларда іс-тәжірибеден өтеміз. Соның нәтижесінде бізге нәтижелер көрсетіледі.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА