Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бюджеттік мекемелер қызметкерлерін мәжбүрлеп картоп алып жатыр

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2016
  • 1714

Атырауда тұрақтандыру қорындағы картоп бюджетке қарайтын мекемелер қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде сатылған. Жергілікті билік, қоймаға жиналған өнімі өтпеген соң, осындай «әдіс» ойлап тапқан. Әрине, бюджет мекемелерінің қызметкерлері бұған қарсы. Билік өкілдері болса, өздеріне шаң жуытпай, -көпшілік картопты өз еркімен сатып алып жатыр,- дейді. 

Қаладағы мекемелерде қызметкерлер тізімі жасалып, әрқайсысына 10 келі картоптан алу міндеттелген. Келісі 70 теңге. Алайда сауда нүктелерінен таңдағанын алып жеп үйренген көпшілік өткен жылдан қалған картопты сатып алуға қарсы. Бірақ  «қысымға ұшыраймыз ба» деп, ашық айтуға қорқады.

Камерадан бетін жасырған адам:
Әрбір адам өз құқылы. Қай жерден не алу керек болса да. Бірақ басшылар жиналыс жасап, бізге осы картошканы алуға міндеттеді. Наличка ақшаны жинап қойдық. Жұмысшылар жұмыстан шығып кету жөнінен қорқады. Приказғабағынадығой. Солсебептенақшажинапкүтіпотырмыз,қартошканы.

Облыстың тұрақтандыру қоры қоймаға өткен жылы 4 мың тонна картоп пен көкөніс өнімдерін жинаған.Әлі де мың тоннадай өнім бар.Тұрақтандыру қоры жұмысын бақылайтын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Абат Тасымов бұл жағдайдан «хабарсызбын» дейді:

Абат Тасымов, «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлеп алдырып жатыр деген ондай ақпарат менде жоқ. Себебі тұрақтандыру қорының бекітілген ережесіне сәйкес, қала және аудан әкімдіктері өздерінен операторлар тағайындайды. Облыстық комиссия бекіткен бағамен картоптарды сатуға шығарады. Жаңағыдай бюджеттік мекемелерден алып жатыр деген ақпарат жоқ. Мен анықтаймын не әңгіме екенін.

Картопты мекемелерге бөліп, олардың сатып алып-алмағанын есепке алатын қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Әңгімесіне қарағанда, картопты өткізу үшін үйлеріне жеткізіп беруге бар.Ал өзі де, шопыры да қуана-қуана алыпты.

Қадырғали Тұрғанов, Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Халыққа қол жетімді бағамен жеткізу бағытында жасалып жатқан іс-шара, ешкімді ешкім бұл жерде мәжбүрлей алмайды, мен алмайымын, мысалға, қажеті жоқ болса, қажеті болғандықтан, кейін өзім де алдым, менің көлік жүргізушім де алды, қуана-қуана алды, ертең тағы алайын деп жатырмыз 56 теңгеден.

Атыраудағы базарда картоп құны осы  аптада 56 теңгеге түсті. Тұрғановтың айтқанына қарағанда, мемлекеттік қоймадағы картоп та сол бағаға түскен. Ақшасын беріп қойғандарға айырмашылықты қайтара ма екен? Қорыққаннан «қуана» алатындар ренжісе де, күлімсіреп, қабын арқалап кете беретіні сөзсіз. Картоптың шіріп кеткен үйіндінің арасынан таңдап алынғанын тіпті ойлағысы келмейді. Себебі «керемет әдіс» ойлап тапқан немесе «хабарсыз» бастықтар кәріне мінсе, қиын ғой...