Қостанай
облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш
қиратылды. Заречный кентіндегі Жеңіс паркіне, бұл ескерткіш осыдан 16 жыл бұрын
орнатылыпты. Қазір оның орынында ойсырап, тек тұғыры тұр. Жергілікті әкімдік
өкілдері құрыш мүсінді жөндеуге алып кеткенін айтты. Бірақ бұл іске қатысты
аудандық Ішкі істер бөлімі «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Себебі,
еңселі ескерткішті белгісіз адамдар қиратып, кейін бас жағын қолды еткен.