Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бүкіләлемдік бокс кеңесінің алтын белбеуін сарапқа салады. Бұл ақпаратты аталған ұйымның президенті Маурисио Сулейман растады. Отандасымыз пуэрторикалық Мигель Котто мен мексикалық Сауль Альварес кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жеке шығады. Бұл кездесу шамамен келесі жылдың наурыз немесе сәуір айында өту керек. Қазір осы тұжырым бойынша алтын белбеудің иесі Мигель Котто 21-ші қараша күні чемпиондық атақтан үміткер Сауль Альвареспен қолғап түйістіреді. Аталған жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Өткен демалыс күні канадалық Давид Лемьенің жігерін құм қылып, үш бірдей чемпиондық атақты біріктірген отандасымыз енді тағы бір алтын белбеуді ұтып алуға мүмкіндік алып отыр.
С.ҚАНАҒАТОВ