Русский Сайттың толық нұсқасы

Хоккейшінің әйелін өлтіргендердің шенеунік өліміне қатысы бар болып шықты

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2015
  • 1150

«Торпедо» хоккейшісінің жұбайы Мария Фадееваның өліміне қатысты ұсталған күдіктілердің бірі, тағы бір қанды оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін. Ол Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері Ольга Алейникованың өлімін өз мойнына алған. Бұл туралы Өскемен қаласы Ішкі істер департаментінің қылмыстық істер полициясының анықтамасында жазылған. Істі орындаушының аты-жөні көрсетілмеген анықтама қағаз қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы тараған. Онда аталмыш қылмыс өткен жылдың желтоқсан айында жасалғаны айтылған. Ол кезде күдікті Ольга Алейниктің үйіне коммуналдық қызметші ретінде алдап кіріп, кейін әкімдік қызметшісін өлтіріп, екі жүз мың теңге көлеміндегі қаражат пен қаракүзенді ішігін ала шыққан. Анықтамадағы деректерге сәйкес, күдіктілер Өскемен қаласының 24 және 27 жастағы тұрғындары. Ал мәселенің мән-жайын прокуратура өкілдері тергеу амалдары жүріп жатқандықтан ашып айтпай отыр. Қазіргі таңда бейресми құжаттың түпнұсқаға сәйкесітігі де тексеріліп жатыр.

 Ж.БАМАН