Бүгін Президент Астанада «Таза қала – бақытты қала!» деген сенбілікке қатысты. Көшет отырғызды, жұртпен әңгімелесті. «Егер әрбір азамат елді-мекендерді, қалаларды тазалап, ағаш отырғызса, еліміз гүлдене түседі. Біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын осындай нақты істермен қарсы алуымыз керек. Елін сүйетін адам оның игілігіне жұмыс істейді»,- дейді Президент.
Астанадағы сенбілікке 100 мыңнан аса адам
шыққан. 4 мың кәсіпорыннан, 330 мекеме, ұйымдар, компаниялардан. 16 мың көшет
отырғызылған. Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің сағалары қоқыс пен тұрмыстық
қалдықтардан тазартылған. Экологиялық айлық мамырдың 18-не дейін
жалғасады.