Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік аппараттың «Б» корпусының кадрлық резерві жойылады

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2015
  • 1447

«Б» корпусының кадрлық резерві жойылмақ. Бұл туралы бүгін сенаторларға мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын таныстра келген Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Өйткені өткен жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тең жартысы жұмыссыз қалған.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Бүгінгі күні кадр резервтерін айтатын болсақ, мысалы биыл елу пайызын біз жұмысқа орналастыра алмадық «Б» корпусында. Оларды білесіздер уақыт келген сайын алып тастап отырдық. Сол себепті бұл біздің қызметшілердің арасында үлкен әңгіме туғызып отыр. Қаншалықты біздің саясатымыз дұрыс, дұрыс емес.

Ал келесі жылға дейін «Б» корпусының резервіне алынған азаматтар бір жылдық мерзім өтпей-ақ тағайындалулары мүмкін. Енді мемлекеттік қызметке түсетін азаматтар үш сатылы іріктеу кезеңінен өтеді. Келесі жаңалық - міндетті аттестациялау институтын жою. Бұдан былай кешенді аттестациялаудан өтетін мемлекеттік қызметкерлердің санаты, тәртібі мен мерзімі президент жарлығымен айқындалады. Сондай-ақ қызметтегі мамандар мансабының жоғарылауы да конкурстық негізде жүзеге асады. Мемелекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынып отырған тағы бір жаңалығы, енді жұмысты артық атқарған қызметкер - ақыны да артық таппақ.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Мұнда еңбекақы көлемін анықтаудың басты көрсеткіштері жұмыстың қиындығы жауапкершілік деңгейі және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі үлесі. Сондай-ақ нәтижелі қызметкерлер бонустар алатын болады. Бонус қорын қалыптастыру үшін басшыларға мемлекеттік органның штат санын, әкімшілік шығындарын оңтайланлыру құқығы беріледі.

 Сенаторлар заң жобасын бір ауыздан қолдады. Олардың пікірінше, заң жобасы жан-жақты жетілген. Мысал үшін, қазіргі заңда 30 бап қана болса, жаңа құжатта 69 бап қарастырылған.

А.АЛДОНҒАРОВ