Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық трамвай депосының басшылары екі бірдей трамвай апатына жүргізушілерді айыптады

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2015
  • 1272

Алматыда болған екі бірдей трамвай апатына жүргізушілер кінәлі. Ал рельсті көлікте ешқандай техникалық ақау болған емес. Бүгін Орталық трамвай депосы басшысының орынбасары осылай деп мәлімдеді.  Бірақ рельсті көліктердің ескіргенін жоққа шығармайды. Сондықтан Трамвай депосы жаңасын сатып алу жөнінде әкімдікке өтініш жазған. Оның екі бірдей апатқа байланысы бар ма, жоқ па, оны деподағылар ашып айтпады.

Жанатай Жұмабеков, Алматы қалалық Троллейбус-трамвай паркі директорының орынбасары:

Травмай алып берсе, бүгінгі  күннің талабына қанағаттанарлық болатын еді. +Бірақ оны жол көлік управлениесі шешетін шығар. Біз  қуанышты болар едік бізге жаңа трамвайлар алып беретін болса трамвай  жаңарып жатса.

Еске салайық, мегаполисте бір айдың ішінде екі травмай апаты болды. 10 адам жарақат алып, 30-ға жуық автокөлікке зақым келді. Екеуі жағдайда да тізгінде трамвайда жүргізуші болмаған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

А.ЕРМАХАН