Русский Сайттың толық нұсқасы

Павел Кастың «Өмір шаттығынан» туған «Биі»...

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2016
  • 2195

Сурет, бейнелеу өнері ешкімге зияны жоқ, «бейбіт» өнер ...емес. Олай дейтініміз, стрит-арт-суретші Павел Кас Теміртаудағы 5 қабатты үйдің қабырғасына үлкен граффити салған. Сол-ақ екен, жергілікті әкімдік шошып кетті, полиция жас талантқа іздеу салды...

Граффити белгілі француз суретшісі Анри Матисстің «Би немесе өмір шаттығы» атты туындысының желісімен салынған. Тек қазақстандық бишілер қою қара түтін шығарып жатқан құбырды айнала билеп жүр. Өзінің туындысына суретші мынадай түсініктеме берген.«... Заманауи «Биге» қарап көретініміз, пұт құдай тәрізді емес екен. Оның корпорация тәрізді кескін, пішіні бар. Олар адамдарға кісен салғандай  жейде кигізіп, галстук тағып, бастарын айналдырып, елітеді. Тоқшылықтың иллюзиясы. Құбырдың басында отырғандардың құбырды айнала билеп жүргендерге билігі, өктемдігі. Мұнайды сорып алып, талан-таражға жіберуге дайын тұрған құбыжық корпорациялар жаңа интерьерлер салады. Ал бізашынсақ та амал жоқ, құбырды айналып билейміз».
Паша тағы былай дейді: «Теміртаудың металлугиялық зауыттарының залалы орасан екенін экологтар жуырда тағы көтерді. Олар бес балабақшаның ауласындағы топырақты зерттеген. Топырақ бетіндегі қорғасын нормадан 5 есе артық болып шыққан. Бірақ барлығы үнсіз», - деп аяқтаған автор туындысының сипаттамасын.

Дарынды, ең маңыздысы – азаматтық позициясы бар суретшінің идеясын әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бірден байқап,жоғары баға берді. Мыңдаған адам «халықтың жанайқайын үнсіз картинамен білдіріп, билікке қарсы өз пікірін айтатын жандар жасасын!» деп қолпаштады. Ал әкімдік «тұрғын үйлердің қабырғасына сурет салу үшін рұқсат алу керек» деп байбалам салған. Порталдарда «үйдің қабырғасына заңсыз сурет салған Паша Касты полиция іздеп жатыр» деген ақпараттар пайда болды.Әлеуметтік желідегілер бұдан кейін әкімдіктегілер мен полицейлерге жаппай сын айтты. Кейін қоғамдық пікірден қорықты ма, «іздеп жатқанымыз жоқ, ешқандай кінәрат артпаймыз» деп шықты...Ақыры қызу талқыланған туынды қабырғада қалады.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Отандық БАҚ-да Теміртау қаласындағы үйлердің қабырғасына сурет салып кеткен суретшіні полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр деген ақпарат жарияланды.Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.Өйткені,ішкі істер органдарына суретшіні жауапкершілікке тарту туралы ешқандай өтініш, арыз түскен жоқ.Сондықтан, полиция қызметкерлері ешкімге ешқандай іздеу жариялаған жоқ.

Айтпақшы Павелді Шымкент қаласының әкімдігі мамыр айында өздерінде өтетін қазіргі заман өнері фестиваліне шақырды.  «Павел Кас формальді емес творчествоның жарқын өкілі. Оны Шымкент қуана қарсы алады. Қаланың көркін ашатын көрініс салуға керекті материалдармен қамтамасыз етеді»,- деген ресми сайтында. Пашаға Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне хабарласу ғана қалды. Осындай, «өмір шаттығына» толы "билер»...

«Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Келесі сенбіде жүздескенше!