Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жоғары лауазымды қызметтерде жұмыс істейтін жастар саны ұлғайып келеді

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2015
  • 1058

Жастар билікке ұмтылып жатыр. Қазақстанда жоғары лауазымды қызметтерде жұмыс істейтін жастар саны ұлғайған. Қазір 29 жасқа дейінгі 143 адам әкім қызметін атқарып жүр. Бұл туралы Білім және Ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты. Соңғы екі жылмен салыстырғанда жастардың биліктегі үлесі 20 пайызға артқан. Лауазымды қызметтегі жастардың көбі депутат, әкім қызметтерін атқарып жүр. Вице-министрдің сөзінше, соңғы бес жылда 235 мың жас түрлі салаларда жұмысқа орналасқан. «Қазір мыңнан астамы үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеп жатыр. Ал биылдан бастап, орта мектепті бітірген жастарға бірінші кепілді кәсіптік жұмысшы мамандығын беру мәселесі де қолға алынған. Бұған қатысты заң жобасы да қазір әзірленіп қойды» - деді Тахир Балықбаев.

Тахир БАЛЫҚБАЕВ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Республикамызда орта мектепті бітірген 30 мыңға тарта жас балалар не жоғарғы білім алмай, не кәсіптік білім ала алмай, білім жүйесінен сыртта қалып қойып жатқан болатын. Қазіргі таңда сол жастарға бірінші кәсіптік жұмысшы мамандығын беру заң түрінде мемлекеттік кепілдік ретінде анықталып отыр. Ол қазіргі дайындалып жатқан жаңа заң жобасында бар және биылғы жылы біз бюджеттен арнайы қаржы бөліп, осы жобаны іске асыра бастадық.

Ж.БАМАН