Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ұлыбританияға 4 күндік мемлекеттік сапар жасады. Бұл уақытты екі мемлекеттің ресми өкілдері «қарым-қатынасымыздың алтын дәуірі» басталды деп, жалынды сипаттайды.
Мына видеода Қытай басшысының құрметіне Букенгем
сарайында берілген қонақасы бейнеленген. Әрине, Ұлыбритания патшайымы Елизавета
ІІ «алтын» деп тым лепірмейді, алайда «екі мемлекеттің ғаламдық әріптестігі
басталды» деп, мазмұнының тереңдігіне нұсқайды.
Жалпы,
Британ үкіметі «Қытайдың жетегінде кетті, бүрісіп қалған күшікке ұқсап» деген
айыптарды жоққа шығарып, «Қытаймен тығыз байланыс орнатамыз, «көзімізді ашып
қарап» деп жауап берген-ді. Британия үкіметі Қытаймен сауда және инвестициялық
келісім-шарттарға отырды. Жалпы құны 30 миллиард фунт стерлинг! Бұл 46,4
миллиард доллар. Сол келісімдердің арқасында 4 мың жұмыс орнын ашпақ. Сонымен
бірге Англиядағы 3 атом электр станциясының құрылыстарына қытайдың екі ірі
өнеркәсіп тобы қатысады.
«Күшік» пен
«көзімізді ашып қарап, байланыс орнатамыздың» таразысын салмақтау қиын емес...
Қытай Ұлыбритания патшалығын әрине, «күшік» ете алмайды. Алайда тілінде бүкіл
дүние жүзі сөйлейтін патшалық Қытайдың ғаламдағы орнына «көзін жұмып» отыра алмайды.Олармен барлығы
«дос» болғысы келеді...