Өскеменде тағы бір қанды оқиға орын алды. Өз пәтерінде аса қатігездікпен өлтірілген 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреулер пәтерге тонау мақсатымен кіріп, бағалы заттар мен қомақты қаржыны қалтаға басқан. Ал әлеуметтік желілерде қаза болған келіншектің жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны және тонау кезінде оны азаптап, қинағаны туралы ақпар тарады. Кейбіреулер тіпті, бұл қылмыс- хоккейшінің әйелі Мария Фадеева мен облыс әкімі аппаратының жетекшісі- Ольга Алейниктің өліміне қатысты болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда құқық қорғаушылар мұны жоққа шығарып отыр. Олар аталған қылмыстардың ашылғанын, әрі күдіктілердің ұсталғанын алға тартты.
Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталмыш жағдай Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының "Ертіс" полиция бөлімінде сот алды бірыңғай реестрінде тіркелген болатын. Осы жағдай бойынша арнайы құралған жедел тергеу тобы қазіргі уақытта осы орын алған қылмысты әшкерелеу, қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыруда.
Ж.БАМАН