Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде өз баласын сатпақ болған 23 жастағы әйел қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2015
  • 1583

Ақтөбеде туғанына он күннен енді асқан нәрестені 200 мың теңгеге сатпақ болған әйел қамауға алынды. Кейіннен оның 23 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталған. Бұл жайында облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпар таратты. Қазанның 23-інде, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мамандарының бірі, баланы сатып алушы ретінде жалдамалы пәтерге келген. Жас ана  арнайы белгі салынған ақшаны да алып үлгереді. Артынша, полицейлер келіп, әйелді қылмыс үстінде қолға түсіреді.Күдікті уақытша тергеу абақтысына жабылды. Нәресте қазанның 15-інде дүниеге келген. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Айғақ зат ретінде 200 мың теңге тәркіленді. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Саудаға түскен сәбидің әрі қарайғы тағдыры тәртіп сақшыларының қолында. 

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері ювеналды полициялармен бірлесе отырып, жаңа туған нәрестені «Үміт» атты Ақтөбе қаласында орналасқан балалар үйіне орналастыру мәселесін қарастыруда.