Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот «әйелін өртеп жіберді» деп айыпталған Қанат Садуовке қатысты үкім шығарды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2015
  • 1531

Әйелін тірідей өртеп жіберіп, бірнеше ай бойы жасырынып жүрген Қанат Сәдуов 18 жыл жаза арқалады. Бүгін Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дүйім елді дүрліктірген оқиғаға нүкте қойды. Қолда бар айғақтарды саралаған сот Сәдуовке  «аса қатігездікпен, қасақана адам өлтіргені үшін» үкім кесті. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. 

Қанат Сәдуов, сотталушы:

Я считаю, что это был шантаж, я думаю что жизни этого человека угрожала опасность. Тем самым он одной пулей убил двух зайцев. Умерла Света, и я сейчас здесь нахожусь. А у меня не было мотива. 

Бұл Қанат Сәдуовтің соттағы соңғы сөзі. Өзіне шаң жуытпаған ол, кінәсін ақыры мойындамады.Қылмысты әлдебіреудің жасағанын айтып бақты. Және ол адам «бір оқпен екі қоянды атып өлтірген-мыс». Сот залында Сәдуовті өзінен басқа ешкім ақтауға тырыспады. Тіпті адвокаты Серік Нұрлыбай да соңғы отырысқа қатысқан жоқ. Ал,судья  оны қатаң тәртіптегі колонияға тоғыту үшін дәлел жеткілікті деп шешкен.

Ерлан Рахымбеков, Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының  судьясы:

Суд считает необходимым  назначить наказание в виде 18 лет лишения свободы, как необходимы и достаточны для его исправления и предупреждения новых уголовных  правонарушений. Отбывание лишения свободы  назначается в исправительной колонии строго режима. 

Сондай-ақ, Сәдуовтен процессуалдық шығындар үшін мемлекет пайдасына 72 878 теңге өндірілетін болды. Ал дүние мүлкін тәркілеу жөніндегі талап қанағаттандырылған жоқ. Өйткені артында ата-анасыз қалған төрт бірдей баласы бар. Айтпақшы, үлкен ұлы Талғат әкесіне кесілген жазаның әділ екенін жеткізді.

Талғат Сәдуов:

Одну собаку посадили, другая безнаказанная еще, которая прятала. 18-ти хватит ему. Выйдет не выйдет неизвестно еще.

Марқұм Светлана Сәдуованың туыстары енді  Қанат Сәдуовті 3,5 ай бойы үйіне жасырып ұстаған бауырына қарсы  арыз түсірмек. Еске салайық,  жантүршігерлік оқиға  мамыр айының 26-сында  болды. Қанат Сәдуов Астанадағы №25 мектепте жұмыс істеген әйелін сыртқа шығарып алып тапа-тал түсте өртеп жіберген. Денесінің 70 пайызын күйік шалған әйел ауруханада бір аптадай жатып,ес жимастан көз жұмды. Оқиға орнынан қашып кеткен Сәдуов араға төрт ай салып туыстарының жертөлесінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.Сотталушы егер үкіммен келіспесе, 15 тәулік ішінде жоғары инстанцияларға шағым түсіре алады.

Л.ҚАЗИАҚПАРОВА