Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналистке шабуыл жасады деген күдікке ілінген адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2015
  • 1101

Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасады деген күдікке ілінген адам, 2 айға қамауға алынды. Бұл ақпарат қалалық соттың ресми сайтында жарияланған. Баспасөз орталығының мәліметінше 1993-шы жылы туған Алматы облысының тұрғынына Қылмыстық кодекстің екі бабы, яғни «Қылмыс жасауға оқталу» және «Ұрлық» бойынша іс қозғалған. Еске сала кетейік,  журналист Бота Жұмановаға шабуыл сегізінші қазан күні жасалған. Бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, оны соққыға жыққаны, қауіпсіздік үшін есік аузына қойылған бейне камераға түсіп қалған.

 А.ЕРМАХАН